Алақан қысқан екі қол түріндегі алты метрлік ескерткіш мүсін «Тағзым» деп аталады. Ол 12 ақпанда Солсбериде ашылған «Сыйластық» аталатын Софи Райдердің мүсін көрмесінің бөлігі. Бастапқыда ол жаяу жүргіншілердің соқпақ жолында орналасқан, әрі жүргіншілер оны айналып өтуі керек-тін.
Мүсінші Софи Фейсбукте мүсінді көшіру барысы түсірілген видео жариялап, былай деп жазды: «Мүсінді басқа жерге ауыстыруға мәжбүр болдық, себебі смартфонда мәтін теріп, құрылғыдан көз алмай келе жатқан адамдар оған баспен соғылып жатыр. Осындай жағдай жиілеп кетті».
Жаяу келе жатып ұялы телефоннан бас алмай мәтін теруді текстинг деп атайды, соның салдарынан жарақат алу күрделі мәселеге айналып отыр. АҚШ-та текстинг салдарынан жарақат алғандар жыл сайын артып келеді. 2010 - 2014 жылдар кезеңінде ол 124%-ға артты.