Үйдегі жиһазды кеміре бастаған баланың анасы оған арнайы бөлме жасақтаған. Ондағы қабырғалар сквош ойыны кезінде қолданылатын материалмен қапталған.
Зак Тахирдің бөлмесіне оның анасы Рэйчел Хорнға 36 мың фунт стерлинг ($54 мың) қаражат жұмсаған. Соның 26 мың фунтын отбасы тұрып жатқан Сэлфорд қаласының билігі бөлген.
Айта кетейік, Тахир осындай сырқатпен ауыратын әлемдегі жалғыз бала емес. АҚШ-тың Индиана штатында тұратын Натали Хайхерст есімді кішкентай бүлдіршін де таяқ пен тас жеуге әуес, бірде ол электр шамын жеп қойған.