The Mirror хабарлағандай, табылған заттардың жасы 2 мың жылдан асады. Олардың арасында б.з.д. 78 жылдың күміс монетасы, балшықтан жасалған керек-жарақтардың қалдығы, плиткалар, танамоншақ, ағаштан және қорғасыннан жасалған бұйымдар бар.
Томас Оңтүстік Уэльс алаңдарында төртбұрышты ерекше заттарды тапқан соң, іздеу жұмыстарын жалғастырған. Күзетші және әуесқой археолог қазу кезінде шамамен 1 метр тереңдікте қабырға қалдығын тапқанын айтты.