Аталған газ» 4000 үйге жылу беру үшін жергілікті газ желісіне бағытталмақ. Бұл «газ» сүт іріткісі мен «Чеддер» сұрыпты ірімшіктің қалдығынан жасалынбақ.
02:03, 16 Сәуір 2016
Британияда үйлерді ірімшіктен алынған газбен жылытпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Камбрия графтығындағы елді мекендердің бірінде ірімшік өндірісі кезінде алынған «газды» үйлерді жылыту үшін пайдалану қолға алынбақ. Бұл туралы «Sky News» телеарнасы «Интерфаксқа» сілтеме жасай отырып хабарлады.