Сенбі күні келген саны мыңға жуық. Мигранттар Бірәккен корольдік жағалауына жету үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, 22 шағын қайықпен (972 адам) бұғаздан өтіп келген. Олардың басым бөлігі албандықтар, ирандықтар және ауғандықтар. Бұл жағдай қазіргі үкіметті алаңдатып отыр. Себебі Ториге «Брекситтен» кейінгі басты мәселе - миграциялық проблеманы шешу деп айтылды. Алайда, цифрлар керісінше көрсетіп отыр. Өткен жылы да мигранттар саны рекордттық деңгейге жеткен болатын. Ол кезде елге заңсыз келгендер саны 29 мың адамды құрады.
Біріккен Корольдік Францияға жағалауды бақылауды күшейту үшін 91 миллион еуро бөлмекші.
Фото: ru.euronews.com