Басылымның жазуынша, полицияның ресми тізімі шықпастан бұрын 8 әйел, 31 ер адамның туыстары олардың сол жүк көлігінде болған деп санап, жоғалған азаматтарды жоқтап жүрген.
Бейсенбі күні Вьетнамның Лондондағы елшілігі қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтқан еді.
Эссекс полициясы 39 адамның өлімін тергеу жұмыстары туралы ақпарат жақында жарияланатынын хабарлады. Сонымен қатар олар Британия мен Вьетнам билігі бұл жұмыстарды бірлесіп атқарып жатқанын айтты.
Айта кетейік, дүйсенбі күні полиция бұл іске қатысы бар деген күдікпен 8 адамды қамауға алған еді.