Лондон уақыты бойынша таңғы 7-де Консервативтік партия Лордтар палатасындағы 650 орынның 351-не ие болды. Кейбір бөлімшелерде дауыстарды есептеу әлі аяқталған жоқ.
Джереми Корбин басқарып отырған консерваторлардың басты қарсыластары, яғни лейбористер әзірге 203 мандатқа қол жеткізді. Шотландық Ұлттық партия – 48 мандат, Либералды-демократиялық партия – 11 мандат, солтүстік ирландиялық Демократиялық юнионистік партия – 8, Уэльс Партиясы – 4, жасылдар 1 мандатты иеленді.
Консерваторлар Борис Джонсон үкіметі мен Брюссель арасында болған Британияның Еуроодақтан шығу туралы келісімін ратификациялауға ниетті, және 2020 жылдың 31 қаңтарында Британия формальды түрде Еуроодақтан шығады.