Британияның мәдениет министрі үйі үшін отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Корольдіктің Мәдениет және спорт министрі Мария Миллердің ата-аналарының үйіне 90 мың фунт (150,6 мың доллар) жұмсағаны туралы декларациясына байланысты дау-дамайдан кейін ол орынтағынан кетті, деп хабарлады Би-Би-Си.

Британдықтар әлеуметтік желілерге бұған салық төлеушілердің ақшасы кетті деп ашу-ызаларын білдірген.

Миллер Премьер-Министр Дэвид Кэмеронның атына жазған өтінішінде дау-жанжал оның жұмыс істеуіне мүмкіндік бермегендігін айтқан.

Орын алған жағдайға қарамастан, үкімет басшысы оны қолдағанмен, көптеген партияластары Кэмеронның пікірімен келіспеді.