Британияның премьер-министрі Елизавета патшайымның денсаулығына алаңдаушылық білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Дәрігерлер II Елизавета патшайымның денсаулығына алаңдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Букингем сарайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, патшайым әзірге өзін жайлы сезінеді және ол Шотландиядағы Балморал сарайында.

Ал Британияның жаңа премьер-министрі Лиз Трасс елді Букингем сарайынан келген жаңалықтар қатты алаңдататынын Twitter парақшасында жазды.



Фото : Jane Barlow/PA