Ұшақтар қозғалысының жаңа жазғы кестесі жұмысын бастаған соң Лондон-Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ұшырылады және ұшу қазіргі А321 аэробусының орнын басатын Boeing 767 үлкен әрі жайлы әуе кемесінде орындалады. Рейстер лондондық «Хитроу» әуежайының 5-ші терминалына жетеді, бұл көптеген бағыттар бойынша қолайлы тоғысуларды қамтамасыз етеді.
Boeing 767 әуе кемесі жолаушыларға British Airways қызмет көрсетуінің үш санатын ұсынады: Club World (бизнес-класс), World Traveller Plus (жақсартылған эконом-класс) және World Traveller (экономикалық класс).