«20 тонна жүк көтере алатын жаңа агрегат ең үлкен емес. Біздің зауыт 140 тоннаға дейін жүк көтере алатын машина шығара алады», - дейді зауыт директоры Леонид Белогривый.
Жыл сайын Павлодар машинақұрылыс зауыты ірі тау және металлургия кәсіпорындарына арнап 90 кранға дейін өнім шығарады. 2006 жылдан бері оның өнімінің 30 пайызы экспортқа шығарылып келеді.