Бритни Спирс - табысы ең жоғары әнші

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бритни Спирс «Форбс» журналының нұсқасы бойынша ең жоғары табыстылардың тізімін басқарды.

 Өткен жылдың мамыр айынан биылғы жылдың сол кезеңіне дейін 31 жастағы поп-жұлдыз 60 млн. долларға жуық қаржы көлемінде пайда тапқан.

Кірістің негізгі бөлігін әнші өзінің соңғы "Роковая женщина" альбомының сатылымы, әлемдік турне мен жарнамаға қатысуы және жеке иіс судан келген пайда арқылы тапты.  Онымен бірге қыркүйек айында Спирс танымал музыкалық «Х-фактор» шоуында қазылық еткені үшін жылына 15 млн. доллар алатын болады.