Бұл туралы Ресей Ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұған дейін хабарланғандай, сәрсенбі, 19 қазан күні мәскеу уақытымен сағат 22.48-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ViaSat-1 ғарыш аппараты мен «Бриз-М» ұшыру блогы бар - «Протон-М» ғарыштық мақсаттағы зымыран сәтті ұшырылды.
Ұшыру блогынан ғарыш аппаратының ажырауы 2011 жылдың 20 қазаны күні мәскеу уақытымен 8 сағат 01 минутқа жоспарланып отыр.