Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Астанада 8 маусым күні найзағай ойнап, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауылтұрады. Жел солтүстік батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с Төтенше өрт қауіпі сақталады.
8 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнауы ықтимал. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
8 маусымда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, солтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.
8 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
8 маусымда түнде Абай облысының оңтүстік батысында найзағай лйнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 36 градус ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
8 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
8 маусымда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
8 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
8 маусымда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15–20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
8 маусымда Ақмола облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солүстік шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
8 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
8 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
8 маусымда Павлодар облысында найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршак жауаы, дауыл тұрады. Солтүстік шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
8 маусымда Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік шығысында, солтүстік батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қау пі сақталды.
8 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
8 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
8 маусымда Түркістан облысында оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысып, жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.