АСТАНА. KAZINFORM – Дубайда Нидерланд билігінің өтініші бойынша мәскеулік «Спартак» футбол клубының футболшысы Квинси Промес қамауға алынды. Бұл туралы ВВС жазды.
Нидерланд билігі футболшыны экстрадициялауды талап етіп отыр. Өйткені спортшы өз елінде 1,3 мың келі кокаин контрабандасы үшін істі болған.
Қазіргі уақытта 32 жастағы Проместі қамауға алу туралы халықаралық ордер шығарылды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ресейлік журналистердің хабарлауынша, футболшы Дубайдағы оқу-жаттығу кезінде де тыныш жүрмеген. Жол апатына ұшырап, оқиға орнынан қашып кеткен.
«Ақпан айының соңында Промес жаттығудан кейін «Спартак» футболшыларымен бірге Дубайдан Ресейге ұшатын кезде шекарада ұсталды», - деп жазады NL Times.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы