Бірнеше ел тұрғындары аспанда жарқыраған нысандарды байқады: ғалымдар не дейді
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Ғылым академиясы Қолданбалы астрономия институтының Күн астрономиясы зертханасында мамандар 25-інен 26 тамызға қараған түні бірнеше елдің тұрғындары байқаған жарқыраған нысандардың не екенін түсіндірді.
Ғалымдардың айтуынша, нысан Қытайдың «Чанчжэн-8» орбиталық зымыранының отынды тастауынан пайда болған. Аталған зымыран бір күн бұрын төмен орбиталық байланыс спутниктерін ғарышқа шығарған.
Ол Вэньчан (Wenchang) ғарыш айлағынан ұшырылды.
Мамандардың түсіндіруінше, аспандағы із зымыран жанармайының тасталуынан кейін оның бөлшектерінің қатып, кристалдануынан және Күн сәулесін шағылыстыруынан пайда болған.
Бақылау күн батқаннан кейін бірден жүргізілген. Із Украина, Чехия, Германия аумағынан, сондай-ақ басқа да бірқатар елдерден байқалды.
Ал метеорит құлады немесе ғарыштық қоқыс жерге түсті деген нұсқаларды ғалымдар толықтай жоққа шығарды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана мен бірнеше облыс тұрғындары да аспандағы ерекше құбылыстың куәгері болған еді. Ол кезде көк жүзінде жарқыраған нысандардың шоғырланып қозғалғаны байқалды.