Бірнеше мемлекеттік порталдың жұмысынан техникалық ақау шықты

Фото: Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір бірнеше мемлекеттік портал қолжетімсіз. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлайды.

— Мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымы желісіндегі техникалық ақауға байланысты қазір бірқатар сервис уақытша қолжетімсіз. Осыған байланысты, eGov.kz порталының компоненттері мен eGov Mobile қосымшасының, E-license және ашық Үкімет порталының, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет порталының және ұлттық ақпараттық технологиялар қызметі жүйелерінің жұмысы ішінара қолжетімсіз, - делінген хабарламада.

Қазір мамандар техникалық ақауды жойып жатыр. 

— Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банк қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алуға уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екенін хабарлаймыз, - дейді мекемеден.