Бірнеше облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM –  Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Абай облысында - 2 учаске (177 км)

Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 км)

Алматы облысында - 1 учаске (84 км)

Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 км)

Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)

Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)

Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)

Қызылорда облысында - 1 учаске (582 км)

Солтүстік Қазақстан облысында - 1 учаске (163 км)

Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)

Ұлытау облысында - 1 учаске (115 км)

Қазір республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.