Бірінші арна кубогі: Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңіліп қалды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогіндегі алғашқы ойында Беларуське жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Кездесу барысында беларусьтік хоккейшілер қатарынан төрт шайба соғып кетті. Оған қазақстандық Максим Мусоров - 30, Әлихан Өмірбеков 35-минутта екі голмен жауап қайырды.

Одан кейін беларустік хоккейшілер тағы екі шайба соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Беларусь - Қазақстан 6:2 (3:0, 1:2, 2:0)

1:0 - Пышкайло (Сушко, Дерябин) - 3:05
2:0 - Стась (Скоренов, Ерёменко) - 4:40
3:0 - Сушко (Дроздов, Мороз) - 8:21 ГБ
4:0 - Мартынов (Мороз, Бокун) - 24:55
4:1 - Мусоров (Никитин, Гатиятов) - 30:55
4:2 - Омирбеков (Мухаметов) - 35:47
5:2 - Лисовец (Горбунов, Алистров) - 47:44
6:2 - Денисов (Пинчук, Сушко) - 50:43

Қақпашылар: Шостак - Шутов (Бояркин, 24:55 - 60:00)

Енді Қазақстан құрамасы 14 желтоқсанда ВХЛ жұлдыздарымен шеберлік байқасады.

Аталған турнирде ұлттық құрама капитаны міндетін Никита Михайлис атқарады. Оған Әділ Бекетаев пен Самат Данияр көмекшілік жасайды.