Бірінші лига: «Ертіс» жеңісті жолын жалғастыра ала ма

Фото: «Ертіс» футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лигада XV тур ойындары басталады.

Аталған тур ойындары 24-25 шілде күндеріне белгіленген. Бүгін, 24 шілдеде «Ақтөбе-2», мен «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Академия Оңтүстік» (Шымкент) пен «Каспий» (Ақтау), «Қайрат-2» (Алматы) мен «Ертіс» (Павлодар) ойнайды.

Айта кетсек, қарағандылық клуб қатарынан екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Бұл турда сол сәтсіздік сериясын тоқтата ала ма?

Ал 25 шілдеде «Алтай» (Өскемен) мен «Тараз», «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Түркістан», «Шахтер» (Қарағанды) мен «Хан тәңірі» (Алматы), AKAS (Алматы) пен «SD Family» (Астана) ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Каспий», «Ертіс», «Шахтер» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.