Бұл туралы аймақ полициясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Мәскеу уақытымен 11.10-да бетін тұмшалаған, қолдарында қаруы бар белгісіз екеу Черкизово кентінде инкассаторлардың броневигін тоқтатқан. Соңынан көлікті Мамонтово кентіне апарып, 9 млн рубль салынған қапшықты алған да, іздерін суытқан. Инкассаторлар зардап шекпеген.