«Бруцеллез» адамдардан да табыла бастады – Ақмола облысы
10:26, 30 Мамыр 2014
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы бруцеллез адамдарға тарай бастады. Бұл жөнінде аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеше осынау дертті жұқтырды деген алдын ала диагноз бойынша 5 адам аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Олардың 3-і Тайбай селосының тұрғындары болса, 1-і Торғай ауылының және тағы 1-і Ерейментау қаласының түрғындары. Қазіргі кезде олардың жағдай қанағаттанарлықтай, тиісті ем дом қабылдауда.