Британдық журналистердің, «Брук ауруханаға сақтық үшін апарылған, - дәрігерлерге Головкиннің үсті-үстіне тынбай сілтеген соққыларынан соң зардап шеккен көзін тексерту қажет. Осыған байланысты Келл жекпе-жектен кейінгі дәстүрлі баспасөз мәслихатына қатыса алмады»,-деген сөздерін келтіреді Sports.kz.
Еске сала кетсек, бесінші раундта өз спортшысының денсаулығынан қорыққан Бруктың бапкері Доминик Ингл рингке сүлгі тастаған болатын.
Сөйтіп, GGG өзінің кезекті жеңісін нокаутпен аяқтады.