Брюссель әуежайында бомбаларды ағайынды Бакрауилер жарған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия полициясы таяуда Брюссель әуежайында қос лаңкестік әрекетті жасады деген күдіктілерді анықтады. Бомбаларды жарған жанкештілер іздеуде болған ағайындылар болып шықты, деп жазады РБК.

RTBF телеарнасына құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлағандай, полиция Брюссельдегі әуежайда болған лаңкестік әрекетті Бельгия астанасында тұрған ағайынды Халид пен Брахим Эль-Бакрауи жасағанын анықтады.

L'Internaute басылымының хабарлауынша, полиция ағайындылардың әуежайға шабуыл жасауға қатысын қарастырды. Олар қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған.