Брюссельде Алматы қаласының әкімі 2017 жылдың 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы өткізуге ҚР оңтүстік астанасының кандидатурасын ұсынады
Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Зәкіриянов бұдан бұрын хабарлағандай, тұсаукесер барысында Алматы Қазақстандағы саяси және экономикалық тұрақтылыққа, Азиада-2011-ді сәтті өткізу тәжірибесі мен орталықазиялық аймақ FISU үшін географияны кеңейту жағынан өте қызықты болатынына үміт артады.
Олимпиадалық ойындарды өткізуден кейін көлемі және маңыздылығы бойынша екінші орында тұрған бұл шараны өткізуге екі қала - Алматы және Тренто (Италия) талаптанғаны белгілі. Алайда, Алматының айқын басымдығының арқасында, сондай-ақ экономикалық дағдарыс салдарынан Италияның Үкіметі өз кандидатурасын алып тастау жөнінде шешім қабылдады. Осылайша бәсекелестердің болмауына байланысты Алматы қаласы 2017 жылғы 28-ші қысқы универсиаданың астанасы болуға жалғыз үміткер болп отыр.
Бүгін сондай-ақ 2017 жылдың жазғы студенттік жарыстарын өткізу үшін тартысқа түсетін Бразилия астанасы Бразилиа мен қытайлық Тайпей қалалары өтінімдік комитеттерінің тұсаукесерлері өтеді. Жеңімпаздар FISU атқарушы комитеті мүшелерінің дауыс беруі барысында анықталады.