«Қорғаныс министрлігі 11 сәуір, дүйсенбіден бастап, Брюссель көшесін күзету үшін қосымша 300 әскери қызметшіні жұмысқа қабылдамақ, себебі жаңа метро стансасы ашылады», - деді кәсіподақ көшбасшыларының бірі Жиль Ван Оостхейзе.
Енді олардың жалпы саны 1800 адам болмақ.
Бұдан бұрын STIB қоғамдық көлік операторы дүйсенбіден бастап 22 наурыздағы лаңкестіктен кейін астаналық метрополитеннің қосымша 12 стансасы ашылатынын мәлімдеді.
Еске салсақ, лаңкестік оқиғасы 22 наурыз күні таңертеңгі уақытта орын алған. Жанкешті терроршылар Брюссель әуежайының ұшырылым залында екі жарылыс жасады. Тағы бір лаңкестік «Маэльбек» метро стансасында орын алды, оның жанында еуропалық институттар ғимараты орналасқан. Ресми деректерге сәйкес, лаңкестік салдарынан 300-ден астам адам зардап шекті. Терроршыларды қоспағанда, қаза тапқандар саны - 32 адам.