Брюссельде атыс болып, үш полицей жараланды

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельде Форе коммунасында операция кезінде атыс болып, үш полицей жараланды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Мәлімет бойынша, екі полицей тінту жүргізуге келгенде жараланған. Қосымша күш шақыртылғаннан кейін тағы бір атыс болып, үшінші полицейге оқ тиген.

Полицейлерге бір немесе бірнеше адам оқ жаудырған. Оқиға болған ауданға полицейлер мен әскерилер тартылды.

Елдің премьер-министрі Шарль Мишель Ұлттық қауіпсіздік кеңесі шақыртылуы мүмкін екендігін айтты.