Еске алу рәсімдеріне корольдік отбасы мүшелері, Бельгия басшылығы, Брюссель мэриясы және еуропалық институт басшылары қатысады.
Күннің алғашқы жартысында Брюссель халықаралық әуежайы, «Мальбек» метро стансасы секілді лаңкестік шабуыл жасалған орындарда үнсіздік минуттары өтеді.
Еуропалық институттар маңында теракт құрбандарына арналған ескерткішті ашу рәсімі болады. Еурокомиссия, ЕО Кеңесі және Еуропарламент бір мезгілде үнсіздік минутын өткізеді.
Терактіден зардап шеккендерге көмек көрсеткендердің кәсіби әрекеттеріне алғыс ретінде Брюссельдің басты символы - «Шаптырып тұрған бала» мүсініне құтқарушы костюмы кигізіледі.
Еске сала кетсек, 2016 жылдың 22 наурызында ДАИШ лаңкестік ұйымымен байланысы бар екі жанкешті Брюссельдің «Завентем» әуежайында екі жарылыс жасады. Тағы бір жанкешті астана орталығындағы «Маэльбек» метро стансасында өзін-өзі жарып жіберді. Лаңкестік теракт салдарынан 32 адам көз жұмып, 300 адам жарақат алды.