Жергілікті БАҚ-тың ақпараты бойынша, ер адам Брюссельдегі Әулие Петр госпиталіне дүйсенбі күні Эбола вирусының белгілерімен түскен. Оның температурасы жоғары болған. Белгілі болғандай, ер адам қазан айының басында безгек асқынып тұрған. Гвинеядан қайтып келген.
Дәрігерлер қан анализін алып, оның нәтижесін Гамбургтегі вирусологиялық зертханаға жолдады. Оның қорытындысы сәрсенбі белгілі болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, Эболаны 8 мыңнан астам адам жұқтырған, 4 мыңнан астам науқас осы дерттен көз жұмған.