Брюссельде елдегі саяси өкіметсіздікке қарсы мыңдаған адам қатысқан наразылық шаралары өтті
Іс-шараны осыдан біраз уақыт бұрын наразылық шараларына барынша көп адам тарту мақсатымен Ғаламтордан жеке сайт ашқан Брюссельдің Еркін университетіндегі нидерланды тілді студенттер ұйымдастырып отыр. Наразылық білдіруге шыққандардың басым бөлігі студенттер. Бельгияның нидерланды тілді және франуцз тілді болып екіге бөлініп кету қауіпі - азаматтардың қорқынышын тудырып отырған жайтқа айналған.
Бельгия Еуропада саяси дағдарыстың ұзаққа созылуы жөнінен рекорд жасады. Жексенбі күні Бельгияда кезектен тыс парламенттік сайлаудың өткеніне 224 күн болды, сол сайлаудың қорытындысы бойынша елдің жаңа федеральді үкіметі құрылуы керек еді. Алайда француз тілді және нидерланды тілді саясаткерлер әлі күнге дейін Министрлер кабинетін құрған жоқ.
2010 жылдың маусымынан бері Бельгияда үкімет жоқ, себебі негізгі екі партия коалициялық үкімет құра алмай отыр.