Брюссельде Еуроодақ саммиті басталғалы жатыр

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Бельгия астанасында Еуропалық Одақ мемлекеттері мен үкімет басшылары ЕО-ның бейресми саммитіне жиналады.

Алқалы жиынға қатысушылардың Еуроодақтың халықаралық лаңкестікке, атап айтқанда, «Ислам мемлекеті» және «Боко Харам» топтарына қарсы іс-шараларды жандандыру жолдарын талқылайтыны күтілуде. Көшбасшылар өз жұмысын ЕО азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, радикалдануды болдырмау, сондай-ақ Таяу Шығыс және Африка мемлекеттерімен ынтымақтастық сияқты үш негізгі бағытқа жұмылдырады.

Бұдан басқа, саммит барысында ЕО-ның экономикалық және валюталық одағы аясында тығыз үйлестірілу механизмдерін талқылау жоспарланып отыр.

халЕО-ның бейресми саммитінің аясындағы тағы бір тақырып - Минск қаласында «нормандтық форматта» өткен соңғы кездесу контекстінде Украинадағы жағдайдың дамуын талқылау.