«13 қарашада Брюссельде Euractiv медиа агенттігінің алаңында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың қатысуымен «Қазақстанның жаңа басшылығы: Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың дамуына ықпалы қандай болмақ?» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді», - деді ресми өкіл бүгінгі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, іс-шараға негізгі спикерлер ретінде Еуропалық парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі мен ой-талқы орталықтарының өкілдері қатысады. Күн тәртібінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім күшіне енгеннен кейін екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бар.