Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақтың сауда саласындағы екіжақты ынтымақтастығы талқыланды

БРЮССЕЛЬ.  Шілденің 24-і.  ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/ -    Қазақстанның     Бельгиядағы   Төтенше және Өкілетті Елшісі,    Қазақстан  Республикасының   Еуроодақ пен  НАТО  жанындағы миссиясының басшысы Ерік Өтембаев

Брюссельде Еурокомиссияның  сауда   жөніндегі  бас директоратының     басшысы  Дэвид О'Салливанмен  кездесті.   Онда Қазақстан  мен  Еуропалық  Одақтың арасындағы  екіжақты  сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі  қарай  дамыту  мәселелері, сондай-ақ Қазақстанға  нарықтық  экономикалы   мемлекеттің мәртебесін беру  мен  екі тараптың арасында  Құрыш жөніндегі    келісімге  тезірек  қол қою   мәселелері    сөз болды,  деп   хабарлайды Қазақстан  Елшілігінің баспасөз қызметінен.

Еуроодақтың  Сауда жөніндегі  бас директоратының басшысы,  Еуроодақтың    Қазақстанмен  сауда-экономикалық саладағы  екіжақты ынтымақтастықты  нығайта  түсуге мүдделі екенін   жеткізді.

Е.Өтембаев өз  кезегінде,    Еуроодақтың   Қазақстанның    негізгі   сауда серіктесі екенін    атап  көрсетті. 

Әңгіме барысында сондай-ақ   Қазақстан, Ресей  және  Беларусь елдерінің   Кедендік одағын   құру мәселесі,  сондай-ақ   біздің еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу  қадамдары     талқыланды.  Қазақстанның Еуроодақтағы миссиясының басшысы,  Кедендік  одақтың  құрылуы    республиканың  ұзақмерзімдік басымдығы екенін    атап  көрсетті.   Ол  шешімді  қабылдауда Қазақстанның   халықаралық  нарықтарға  кедергісіз  шығу,     көрші   ірі нарықтармен  сауда-саттықты кеңейту,      қызмет көрсетулер мен технологиялар  экономикасына өзгерту жолымен,  экономиканы әртараптандыру  сияқты   өзінің  экономикалық   мүдделерін  жоғары қойғанын        жеткізді.

Қазақстанның, Ресей мен  Беларусь   Республикасының      біртұтас кедендік аумақ (Кедендік  одақ) ретінде    Дүниежүзілік сауда   ұйымына қосылуы  жөніндегі келіссөз  үрдісіне  тоқталған   дипломат,    қазір    аталмыш елдердің Ұйымға   біртұтас  одақ ретінде қосылу   жөніндегі    алдағы іс-қимылдары  келісіліп жатқанын  айтты.