Брюссельде «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы: қорытындылар мен жаңа болашақ» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

None
БРЮССЕЛЬ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Сәрсенбі, шілденің 14-і күні Брюссельде Еуропарламент депутаттары, еуропалық институттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысқан «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы: қорытындылар мен жаңа болашақ» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны Еуроодақтағы Қазақстан елшілігі ұйымдастырды.

«Дөңгелек үстелдің» ашылуы барысында Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуроодақ және НАТО жанындағы миссияларының басшысы Ерік Өтембаеватап өткеніндей, қазақстандық төрағалықтың 6 айы бойынша алдағы жұмыстардың сызбасын белгілей отырып, жасалған шаралар бойынша белгілі бір шешімдер шығаруға болады.

«Бірнеше күннен кейін Алматыда сыртқы саясаттың негізгі мәселелері, сондай-ақ ағымдағы жылдың күзінде соңғы 10 жылда алғаш рет болып отырған ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуі талқыланатын сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтеді», - деп атап өтті қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы.

Өз кезегінде Еуропалық Парламенттің депутаты Струан Стивенсон Қазақстан алты ай бойы қарқынды жұмыс істегенін атап өтті.