Брюссельдің «STIB» қоғамдық көлік операторы-компаниясының қызметкерлері 2012 жылғы сәуірде бұзақының қолынан қаза болған әріптестерінің бірі Лиаза Тахирахаға қатысты шығарылған сот үкіміне қарсылық білдіруде. Көптеген қоғамдық көліктер бүгін кешке дейін жұмысқа шықпайтын болды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2012 жылғы сәуірде автомобиль мен автобустың қатысуымен хаттама жасау үшін ЖКО орнына келген жергілікті STIB көлік компаниясының 65 жасар кондукторы Л. Тахираха соққыға жығылып, артынан алған жаоақаттарынан қаза болған. Қылмыскер болса, оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ біраз уақыт өткен соң, ол полицияға өзі келіп, кінәсін мойындады. Сол күні ол удай мас болған екен. Сот үкіміне сәйкес қылмыскерге шартты мерзімге үкім шығарылды. Бұл шешім жергілікті кәсіподақтың наразылығын тудырды. Айта кетейік, Бельгияда қоғамдық көлік қызметкерлерін ұру жиі болып тұратын жағдай. Бұл мәселеге биліктің назарын аудару үшін бірнеше рет наразылық акциялары өтті.
17:00, 14 Ақпан 2014
Брюссельде қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысын бөгеп, ереуілге шықты
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат Брюссельде қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысын бөгеп, ереуілге шықты. Акцияға автобустар мен трамвай жүргізушілерінің 80 пайызы, сондай-ақ жүздеген метро қызметкерлері қатысуда.