Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.
61 жастағы елші Иссак Джибо мен оның 50 жастағы жұбайы Фатуманың мәйіттері олардың қыздарының жеке резиденциясынан табылған.
Алдын ала жасалған болжам бойынша, елші мен оның жұбайы жылыту жүйесінің ақауы салдарынан иіс тиіп уланып, мерт болған.
Айта кетейік, И. Джибо Бельгиядағы елші қызметіне 2012 жылы кіріскен болатын.