Тараптар саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың басты аспектілерін талқылайтыны күтіледі.
Еске сала кетейік, Мемлекет Басшысы Брюссель қаласына «Азия-Еуропа» Форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысу үшін келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі бірқатар екіжақты келіссөздер өткізеді, сондай-ақ еуропалық іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.