Брюссельде өткен саммитте Еуроодақ Хорватияны 2013 жылы ЕО-ның 28-ші мүшесі ретінде қабылдауға дайын екендігі нақты мақұлданды

БРЮССЕЛЬ. 25 маусым. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Осы жылдың 23-24 маусым күндері Еуроодаққа мүше 27 елдің мемлекет және үкімет басшылары саммитінің барысында Хорватияны 2013 жылы Еуроодақтың мүшесі ретінде қабылдауға дайын екендігі нақты мақұлданды. Бұл туралы қорытынды баспасөз мәслихаты барысында Еуроодақ Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей хабарлады.

Еуроодақ шенеунігінің атап өткеніндей, Еуроодақ Кеңесінің өткен отырысында Хорватияны Еуродаққа мүше 28-ші мемлекет ретінде қабылдау үшін негіз әзірленген. «Біз кеңес келіссөздерді осы жылдың маусым айының соңына дейін аяқтайды деп күтудеміз. Содан жыл соңына дейін елдің қосылуы туралы тиісті келісімдерге қол қойылады», - деді Х. Ромпей.

Еурокомиссия мүшесі Жозе Мануэль Баррозу өз кезегінде Хорватия 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Еуроодақтың 28-ші мүшесі болып қалуы мүмкіндігін атап өтті.