Брюссельде сайлаушылардың 96 пайызы дауыс берді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельде ҚР сайлау туралы заңнамасына сәйкес жергілікті уақыт 20.00-де Бельгиядағы Қазақстан Елшілігі ғимаратында ұйымдастырылған №191 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Келушілер 96 пайызды құрады. Бұл туралы Брюссельдегі №191 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Берік Әбдушев хабарлады. «Брюссель қаласында №191 учаскеде жергілікті уақыт 20.00-де тіркелген сайлаушылардың 96 пайызы дауыс беруге келді», - деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, №191 учаске сайлау күні Бельгия, Люксембургте тұратын немесе уақытша тұратын қазақстандық сайлаушыларды қабылдады. Олардың ішінде - Қазақстан дипломаттары, олардың отбасы мүшелері, қазақстандық студенттер, диаспора және бизнес өкілдері бар.