Христиан өкілдерінің шақыртуын 600 адам қабыл алған. Өткен жылғы ауызашар кеші қалалық алаңда ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық қонақ келген болатын.
Биылғы ауызашар кешін де алаңда өткізу жоспарланған еді. Алайда, ауа райының қолайсыздығынан шара шіркеу ғимаратының ішінде өткізілді.
«Діндер арасында араздық отын тұтату оңай заманда бұл шара - бауырмалдықты арттырудың таптырмас мүмкіндігі», - дейді бастамаға қолдау білдірушілер. Айта кетсек, Моленбек - Брюссельдің білім саласындағы он екі муниципалитетінің бірі, сондай-ақ бельгиялық мұсылмандардың көп шоғырланған мекені.