Брюссельде темір жол вокзалындағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельдің орталық темір жол вокзалында тұрған жолсандық күдік туғызып, ондағы адамдардың барлығы қауіпсіз аумаққа шығарылды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Полиция өкілінің айтуынша, иесіз затты алғаш байқаған тәртіп сақшысы бірден дабыл қаққан. Бірақ күдікті жолсандық қауіпті болмай шықты.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Бельгия полициясы қалада лаңкестікке қарсы операция жүргізіп, 12 адамды тұтқындаған еді.

Кейін олардың тоғызы босатылып, үшеуі қамауда қалдырылды. Әзірге күдік туғызғандардың лаңкестік ұйымдарға қатысы бары, не жоқ екені жайында нақты ақпарат жарияланбады.