«Бүгін Урсула фон дер Ляйен екеуіміз Ұлыбританияның шығуы туралы келісімге қол қойдық», - деп жазды Ш. Мишель 24 қаңтар күні өзінің Twitter парақшасына.
«Барлығы өзгереді, бірақ біздің достығымыз қалады. Біз серіктес және одақтастар ретінде жаңа тарауды бастаймыз», - деп толықтырды ол.
Урсула фон дер Ляйен микроблогтағы парақшасында құжаттарға қол қою «оны Еуропа парламенті ратификациялауға жол ашады», - деп жазды.
Енді бұл келісімді 29 қаңтар күнгі пленарлық отырыста Еуропалық парламент ратификациялауы керек.
Еске салсақ, кеше Ұлыбритания патшайымы Елизавета II елдің Еуроодақтан шығу туралы парламент қабылдаған Заңға қол қойды.