Адам шығыны жоқ. Жарылыстың себебі де белгісіз.
Қазір институттың кіреберістері жабық. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеуде. Автокөлік институттың қоршауын бұзып кірген және қаскөйлер зертханаға жақын жердегі жарылғыш затты іске қосқан. Сол себепті өрт туындаған деп хабарлануда.