Бұл туралы Қазақстан журналистеріне берген сұхбатында №119-шы Брюссель сайлау учаскесі учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Қыстафин мәлім етті.
«Жалпы алғанда, дауыс берушілер 100 пайыз сайлауға келді. Қазіргі таңда комиссия дауыстарды санауға кірісті. Содан кейін ҚР Орталық Сайлау комиссиясына қажетті хаттама жіберіледі», - деп атап өтті сайлау комиссиясының өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, Орталық Еуропа уақытымен сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Брюссельдегі сайлаушылардың 90 пайыздан астамы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауларын жасаған болатын. Ал сағат 17.00-дегі сайлаушылардың саны 97 пайызды құраған.
ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, Брюссельдегі сайлау учаскесі Бельгия, Нидерланды және Люксембург елдерінде тұрып жатқан немесе уақытша жүрген қазақстандық сайлаушыларды қабылдауда. Олардың қатарында - қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, еуропалық институттарға тіркелген журналистер, зиялы қауым, бизнес өкілдері және студент жастар бар.