Брюссельдегі сайлау учаскесінде дауыс беру көрсеткіші жоғары

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельде сайлаушылардың белсенділігінің жоғары екені байқалуда. Бұл туралы №191 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Берік Әбдішев хабарлады.

«Түске дейін сайлаушылардың басым бөлігі дауыс берді. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары», - деді Берік Әбдішев.

Оның сөзіне қарағанда, Брюссель сайлау учаскесі барлығы 214 қазақстандық сайлаушыны қабылдауға дайын. Бұл уақытша Бельгия мен Люксембургте жүргендер.

Сайлау туралы заңнамаға сәйкес, Бельгиядағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20:00 дейін жалғасады. Бюллетеньдерді санап болғаннан кейін тиісті құжаттар ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданады.