Бельгия экономика министрлігінің ақпаратынша, сауда айналымы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ең кемі 122,5 млн еуроға төмендеді. Фландрияда 33 млн және Валлонияда 20 млн еуроға азайды.
Сонымен қатар, мемлекеттегі салық жинау 760 млн еуроға қысқарды. Негізінен туристік компаниялар шығынға ұшырады. Сондай-ақ, қонақ үй, мейрамхана бизнесі және бұқаралық ойын-сауық шаралар саласы зардап шекті, деп жазды РИА Новости.
22 наурызда Брюссельде бірнеше лаңкестік оқиға орын алған болатын. Бұл күні «Завентем» халықаралық әуежайында және «Мальбек» метро стансасында жарылыстар болды. 32 адам лаңкестер шабуылының құрбаны болды, ондаған адам жарақаттанды.