Осыған дейін вокзал маңында жарылыстың даусы естілгендігі хабарланған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ер адамды атып өлтірді. Куәгерлердің айтуынша, ол жарылғыш заты бар жанкештінің белдігін тағып алған.
«Премьер-министр Шарль Мишель мен ішкі істер министрі Ян Жамбон дағдарыс орталығындағы жағдайды жіті бақылауда»,-деп келтіреді премьер-министр Фредерика Кодельердің сөзін басылым.
Полиция қызметкерлері жағдайдың бақылауда екенін айтуда.