Брюссель марафонына 15 мыңнан астам адам қатыспақ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 42 шақырымдық бағдар Брюссельдің орталық және шығыс бөліктерімен өтеді. Осыған байланысты қаланың негізгі жолдарындағы қозғалыс жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін жартылай тоқтатылмақ.
Қашықтығы 42 шақырымды құрайтын негізгі марафоннан басқа, сондай-ақ жартылай марафон (21 шақырым), шағын марафон (5 шақырым) және балаларға арналған жүгіру (1 шақырым) өтеді.
Марафон өткізудің 11 жылында ерлер арасындағы жарыста 9 рет Кения атлеттері және небәрі 2 рет бельгиялық қатысушылардың жеңімпаз болғанын атап өту керек.
Әйелдер арасындағы жарыста 4 рет Кенияның нәзік жандылары, 3 рет бельгиялық әйелдер жеңіске жетті, сондай-ақ Дания, Нидерланды, Франция және Швейцария спортшыларының еншісінде бір жеңістен бар.