Қозғалыс тек қоғамдық көліктерге, такси, жедел қызмет және жергілікті муниципалитеттен алдын ала арнайы рұқсат алғандарға ғана рұқсат етіледі.
Осы күні қала түрғындарына қоғамдық көлікте тегін жол жүру ұсынылды.
Бүгін Брюссель қаласының билігі түрлі ойын-сауық іс-шараларын жоспарлаған.
«Автокөліксіз жексенбі» шарасы жыл сайын Бельгияда қыркүйектің екінші жартысында аталып өтіледі. Оның мақсаты - жаяу жүру және велосипед тебуді насихаттау, сондай-ақ қоғамдық көлікті қолдану.