Брюссель орталығында әскерилер мен полицейлер Radisson Blue қонақ үйін қоршауға алды
07:58, 23 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия астанасы Брюссельде әскерилер мен полицейлер Гран-Плас алаңында жиналып, арнайы операция өткізуде. Жақын аудандардағы үй тұрғындарына дауыс зорайтқышпен терезелерге жақындамауға бұйрық берілді, деп жазады 24.kz.
Тәртіп сақшылары Гран-Плас және Rue du Midi алаңдарына жақын жатқан бірнеше көшені жауып тастады. Гран-Пластан 300 метр жердегі Radisson Blue қонақ үйі қоршауға алынды. Арнайы қызмет өкілдері қонақ үйдің кіретін және шығатын есіктерін жапты. Қызметшілер мен онда тұрып жатқандар қонақ үйдің ішінде қалды.